Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Қ А У Л Ы С Ы
Әйтеке би ауданы Сұлукөл ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Әйтеке би ауданы Сұлукөл ауылдық округі әкімінің сайлауы 2026 жылғы 01 наурызға тағайындалсын.
- Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы 22-ші қаңтардан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2026 жылғы 03-ші ақпан сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Сұлукөл ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2026 жылғы 08-шы ақпан сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Осы қаулы Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде жариялансын.
Әйтеке би аудандық
аумақтық сайлау комиссиясының
төрағасы С.М.Таласбаев
Әйтеке би аудандық
аумақтық сайлау комиссиясының
хатшысы С.Ә.Рампеилов
Темірбек Жүргенов ауылы,
2026 жылғы 21 қаңтар,
№ 04