Орналасқан орны: 030100, Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Темірбек Жүргенов ауылы, Темірбек Жүргенов көшесі 62 үй. Анықтама үшін телефон: 8(713-39)22-1-00. «Әйтеке би аудандық «Целинник» мәдениет үйі» МКҚК қызметінің мәні: мемлекеттік және коммерциялық тапсырмаларды, тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру болып табылады.
Лауазымдық міндеттері:
Мәдениет мекемесінің әкімшілік-шаруашылық және экономикалық қызметіне жалпы басшылық етеді. Халық арасында мәдени-ағартушылық және бос уақыт қызметінің негізгі бағыттарын әзірлейді және орындалуына бақылау жасайды. Мәдениет Үйінің жылдық, шығармашылық-өндірістік, әдіскерлік, мәдени-ағарту жұмыстарының жоспарларын құрастырады. Мәдени-тынығу ұйымының озық тәжірибесін зерттеп, қорытылуын ұйымдастырып мекеменің іс-тәжірибесіне еңгізеді. Мәдениет Үйінің қызметін және барша қызметкерлердің жұмысын ұйымдастырады, атап айтсақ: фестивальдерді, байқауларды, конкурстарды, көрмелер және шаруашылық қызметтің өзге де түрлерін өткізеді. Көркемөнерпаз ұжымдарының жұмысын қадағалайды. Методикалық құралдар, сценарийлер, репертуар шығару, оны рецензиялау және көркемөнерпаз ұжымдарына шығармашылық көмек көрсетуге білікті мамандарды тартады. Мәдениет Үйін білікті кадрлармен қамтамасыз етеді, кәсіби біліктілігін арттырады, мадақтайды, қызметкерлердің шығармашылық бастамаларын ынталандырады. Қызметкерлермен ішкі еңбек тәртібінің ережесін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техника, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақталуына бақылау жүргізеді. Ірі маңызды шараларға, театрландырылған мерекелерге, халық серуендеріне, балдарға, демалыс кештеріне қатысуды қамтамасыз етеді.
Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын; Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін; Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы»; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»; «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы»; «Мемлекеттік мүлік туралы»; «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарын. және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін, мәдениет және өнер, мәдени-демалыс жұмыстарының нысандары мен әдістері мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдардың актілерін, халық шығармашылығын дамытудың жоспарларын, отандық және шет елдік әдістемелік орталықтар мен көркемөнерпаздар ұйымдарының озық тәжірибелерін негізге ала отырып, жұмыс жүргізуі тиіс.
Кәсіпорын басшысының лауазымына кандидатуралар іріктеу кезінде қойылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады:
"Өнер" немесе "гуманитарлық ғылымдар" мамандықтар тобы бойынша немесе "экология" немесе "құқықтану" немесе "экономика" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандық бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдарда басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.
Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:
1) он сегіз жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар қажетті құжаттарды конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында (Әйтеке би ауданы әкімдігінің ресми сайтында) соңғы жарияланған күнінен бастап 15 күнтізбелік күні ішінде «Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-не тапсырады:
Конкурсқа қатысушы өзінің білімі туралы жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі, (біліктілік арттыру, ғылыми дәрежелері мен атақтары туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар және т.б.) қосымша ақпараттар бере алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзеді.