Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының Қарабұтақ және Темірбек Жүргенов ауылдық округтерінің сайланған әкімдерін тіркеу туралы
хабарлама
22 желтоқсан 2025 жыл
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабына сәйкес 2025 жылғы 21 желтоқсанда өткен Әйтеке би ауданының Қарабұтақ және Темірбек Жүргенов ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындысы туралы Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасының негізінде
Қарабұтақ ауылдық округі бойынша:
Ербақыт Жаңбырбайұлы Қаржаубаев - 1984 жылы дүниеге келген, директор, «Әйтеке би аудандық «Целинник» Мәдениет үйі» МКҚК, Темірбек Жүргенов ауылының тұрғыны, өзін-өзі тәртібімен ұсынылған, Қарабұтақ ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Темірбек Жүргенов ауылдық округі бойынша:
Саламат Талғатұлы Ерімбетов-1991 жылы дүниеге келген, бөлімше
басшысы, «Әйтеке би ауданы әкімінің аппараты» ММ-сі, Темірбек Жүргенов ауылының тұрғыны, «Respubliсa» партиясы» ұсынған, Темірбек Жүргенов ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Әйтеке би аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы