Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Әйтеке би ауданы Қарабұтақ және Темірбек Жүргенов ауылдық округтері әкімін сайлау қорытындысы туралы
ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 21 желтоқсанда Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының Қарабұтақ және Темірбек Жүргенов ауылдық округтері әкімінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Қарабұтақ және Темірбек Жүргенов ауылдық округі әкімі сайлауының нәтижесі туралы хаттамалары негізінде Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлаудың қорытындысын шығарды:
Қарабұтақ сайлау округі
Қарабұтақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне – 1820 азамат енгізілді, олардың 1159 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 9, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 11.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Бұхарбаев Р.Д.– 104; Қаржаубаев Е.Ж.– 952; Ниязов Қ.С. – 83.
Ербақыт Жаңбырбайұлы Қаржаубаев - 1984 жылы дүниеге келген, «Әйтеке би аудандық «Целинник» Мәдениет үйі» МКҚК, директор, Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Темірбек Жүргенов ауылының тұрғыны, өзін-өзі тәртібімен ұсынылған, Қарабұтақ ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Темірбек Жүргенов сайлау округі
Темірбек Жүргенов ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне - 5216 азамат енгізілді, олардың 2832 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 43, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 34.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Бекбенбетов А.Қ.– 334; Ерімбетов С.Т.– 2110; Мусина М.Ә. – 311.
Саламат Талғатұлы Ерімбетов-1991 жылы дүниеге келген, бөлімше
басшысы, «Әйтеке би ауданы әкімінің аппараты» ММ-сі, Темірбек Жүргенов ауылының тұрғыны, «Respubliсa» партиясы» ұсынған, Темірбек Жүргенов ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясы