Положение "Аппарат акима Кызылжулдузского сельского округа"

«Әйтеке би ауданының Қызылжұлдыз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1

 

  1. Әйтеке би ауданының «Қызылжұлдыз ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкімнің аппараты) Қызылжұлдыз ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі –әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
  2. Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай- ақ осы Әкімнің аппараты туралы  ережеге  сәйкес жүзеге  асырады.
  3. Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады,Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.

4.Әкімнің аппараты өз атынан азаматтық – құқықтық қатынастарға түседі.

5.Әкімнің аппараты заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

  1. Ауылдық округ әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқада актілермен рәсімделген шешім мен өкімдер қабылдайды.

7.Ауылдық округ әкімінің аппараты туралы ережені, оның құрылымын  аудан әкімдігі бекітеді.

  1. Заңды тұлғаның мекенжайы: 030105, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Қызылжұлдыз ауылдық округі, Аралтөбе ауылы, Былшық би, №26 үй.

9.Заңды тұлғаның толық атауы: Әйтеке би ауданының «Қызылжұлдыз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

  1. Ауылдық округ әкімінің аппаратын аудан әкімдігі құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады.
  2. Әкімнің аппараты жергілікті бюджет есебінен және жергілікті өзін-өзі басқару қорларының қаражаты есебінен сақталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
  3. Әкімнің аппаратына әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

13.Міндеттер:

Әкімнің қызметін ақпараттық –талдамалық, ұйымдық – құқықтық, материалдық – техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақжергілікті  маңызы бар мәселелерді шешу.

  1. Функциялар:

1)Ауылдық  округ  әкімінің аппараты өз құзіреті шегінде:

жергілікті  қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлекжергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

 

2

 

бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысыныңшақырылу уақытын, орнын және

талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;

жергілікті қоғамдастық жиынында  немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және ауылдық округ әкімдері мақұлданған шешімдердің орындалуын қамтамасызетеді;

ауылдық округтің бюджетінжоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;

жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және аудан мәслихатына ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;

ауылдық округтің бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;

жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;

ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;

жергілікті өзін- өзі басқарудың коммуналдық мүлкінен нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

мүлікті ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі коммуналдық  мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейін баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету  мерзімін белгілейді;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері  бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, ауылдық округтің меншік  құқығын қорғауды жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының  орындауын бақылауды жүзеге асырады;

мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының  орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

2) Ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен  келісу бойынша;

өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

 

 

3

 

шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінжекешелендіруді жүзеге асырады,оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу – сату шарттарын дайындау мен жасауды және сатып алу – сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегікоммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысаны мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктікжалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

аудан әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;

коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге,  филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге  және есептен шығаруға келісім береді;

жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі коммуналдық мемлекеттік  кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарның (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;

мүлікті ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын жәнеолардың орындалуы жөніндегі есептерді.

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;

 

4

 

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін  иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;

ҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасында берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

15.Әкімнің аппараты өз құзыреті шегінде:

мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;

мүліктік және мүліктік емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;

мемлекеттікбасқаруоргандарының,мұрағаттардың,ғылыми мекемелердің ақпараттықдеректер базаларын пайдалануға;

шарттар, келісімдер жасасуға;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.

16.Әкім аппаратының өз құзыреті шегіндегі міндеттері:

қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;

Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан, ауылдық округ әкімінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;

қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

17.Әкімнің аппаратын әкім басқарады.

18.Әкімнің өкілеттіктері:

әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады;

жергіліктіқоғамдастықтыңжиынында немесе жергілікті қоғамдастықтың жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

бюджет қаражатын үнемдеудің және Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша жұмыскерлерді қабылдайды;

мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;

ауылдық округтің тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;

аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша ауылдық округтің авариялық тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастырады;

мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді;

Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

 

5

 

  1. Әкімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімнің орынбасары болуы мүмкін.
  2. Әкім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкім орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды.
  3. Әкім аппараты қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілер этикасының нормаларын сақтауын әкім қамтамасыз етеді.
  4. Заңнамада көзделген жағдайларда әкім аппаратының жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Әкімнің аппаратына бекітіліп берілген мүлік ауылдық округтің коммуналдық меншігіне жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, әкімнің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығаруы немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуі мүмкін.
  3. Әкімнің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.
Дата публикации
24 ноября 2020