Положение «Отдел жилищно-коммунального хозяйства,пассажирского транспорта,автомобильных дорог, архитектуры, градостроительство и строительства Айтекебийского района»

«Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - бөлім) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі, автомобиль жолдары құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. «Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаментінің Әйтеке би аудандық қазынашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінде шоттары болады.
  4. «Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. «Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. «Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. «Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. Заңды тұлғанының орналасқан жері: 030100, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Комсомол ауылы, Т.Жүргенов көшесі 62.
  9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  10. Осы Ереже «Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  11. «Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  12. «Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне  заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. «Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Әйтеке би ауданы аумағында тұрмыстық-коммуналдық, әкімшілік-шаруашылық және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді уақытында қайта жаңғырту және құрылысын жүргізу, аймақтың сәулеттік-қала құрылыстық саласының бәсекелістікке қабілеттілігін қамтамасыз ету, жергілікті тұтынушыны сапасыз жобалық және жобалық-сметалық құжаттамадан қорғау, ауданның қоршаған ортасы мен тіршілігін толыққанды қалыптастыру, отын-энергетикалық секторын дамыту арқылы аумақ экономикасының энергия қорына қажеттілігінің өсуіне және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жәрдемдесу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы кешенін жетілдіру, қоғам экономикасының қолжетімді, сапалы коммуналдық және көлік қызметіне қажеттілігін толық қанағаттандыруға бағытталған көлік және коммуникация саласындағы мемлекет саясатын нәтижелі жүргізу.
  2. «Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

1) аудан аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын, жолаушы және жол шаруашылығы қызметін үйлестіру. Тұрғын үй құрылысы саласында әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың жоспарларын әзірлеп келісуге қатысу;

2) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ауданның елді мекендерін көркейту жұмыстарының орындалуына бақылауды іске асыру;

3) Ақтөбе облысының әкімінің іс-әрекеттері бағдарламасы мен оны жүзеге асыру іс-шараларының жоспарын орындауға қатысу;

4) өңірлік инвестициялық бағдарламаны әзірлеу және оның орындалуына бақылау;

5) аудандағы елді мекендердің аумақтарын көркейту және инженерліқ қамтамасыз ету, тұрғын үй қорын, ғимараттар мен құрылыстарды сақтау және күтудің жоспарларын әзірлеу;

6) бөлімнің алдына қойылған міндеттердің орындалуына бағытталған мемлекеттік қаражатты үлестіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

7) жергілікті бюджеттің қаражаты есебіне тұрғын үй-коммуналдық, жолаушы және жол объектілерінің құрылысына біріңғай тапсырыс беруші қағидасы бойынша әрекет етеді.

  1. «Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары:

1) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), ауылдық елдi мекендердiң бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;

2) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;

3)  аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру;

4) аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектiлер құрылысын сақтау (консервациялау) жөнінде, объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектілерді (кешендерді) қабылдау жөніндегі комиссияның құрамын белгілеу және тағайындау, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу;

6) аудандық маңызы бар тұрғын үй қорын, коммуникацияларды сақтауды және олардың күтiп ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргiзудi ұйымдастыру;

7) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;

8) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын бекіту және іске асыру;

9) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;

10) ведомстволық бағыныстағы аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;

11) бұрыннан бар үйлердің үй-жайларын қайта жоспарлау арқылы жаңғырту туралы шешім қабылдау;

12) осы ауданның аумағындағы ауылдар құрылысын салудың бас жоспарларын әзірлейді және оларды аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынады, аудандық коммуналдық меншік объектілері мен әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болады, ауылішілік, ауданішілік коммуналдық желілер мен құрылыстардысалуға рұқсат береді;

13) ауданның су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу, газ, электр желілерін және басқа да көліктік және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерінің құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастырады;

14) Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;

15) аудандық маңызы бар жолдарды салуды, пайдалануды және күтiп ұстауды ұйымдастырады;

16) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін салуын және оны бөлуін ұйымдастырады;

17) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады;
        18) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;

19) мемлекет қажеттіліктері үшін жер учаскелерін алып қоюды, оның ішінде сатып алу арқылы алып қоюды жүзеге асырады;

20) республиканың сейсмикалық қауіпті аймақтарында орналасқан тұрғын үй-жайлардың сейсмикалық беріктігін орнықтыруға бағытталған іс-шараларды өткізеді;

21) авариялық үй-жайларды бұзуды ұйымдастырады;

22) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етеді;

23) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үйлерді коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асырады;

24) қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендiру мәселелерiн шешедi.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) Аудан аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметінің барлық субъектілерімен орындалуға міндетті болып табылатын елді мекендерде құрылыс жүргізу, көркейту және көркемдік безендіру мәселелері бойынша өз құзыры шеңберінде шешім қабылдауға;

2) «Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүктелген міндеттерді орындау үшін тиісті қызметтер, ұйымдар, кәсіпорындардан ақпаратты сұратуға және алуға;

3) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес заңды және жеке тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстарды еңгізуге;

4) ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдарын дамытудың негізгі бағыттары жөнінде аудан әкіміне және басқармаларға ұсыныстар енгізу;

5) жергілікті органдармен басқа органдардың ауданның әлеуметтік экономикалық дамуының индикативті жоспарларын, облыс және аудан әкімінің іс-әрекеттері бағдарламасын жүзеге асырудың іс-шаралары жоспарын және өңірлік бағдарламаларын орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

6) жергілікті атқарушы органдарына ауданның даму жоспарлары мен бағдарламаларына кедергі келтіретін олардың қабылдаған актілерін жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;

7) өз құзыры шеңберінде орындалуы міндетті нұсқамалар және нормалық актілерге ұсыныстар енгізу;

8) өз құзыры шеңберінде коммуналды меншіктегі мүлікке ие болуды, пайдалануды және билік етуді іске асыру;

9) тұрғын үй-коммуналдық, жолаушы және жол шаруашылығының кәсіпорындарын құру, қайта құру және тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу.

 

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»   мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. «Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Әйтеке би ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. 
  3. «Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте «Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»  мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

2) заңнамамен белгіленген тәртіпте «Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»   мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;

3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;

4) «Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»   мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда «Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»   мемлекеттік мекемесі мүддесін білдіреді;

6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;

«Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»   мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

 

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. «Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің  мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда ) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Дата публикации
23 ноября 2020