Положение «Отдел предпринимательства Айтекебийского района»

"Әйтеке би аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

1.«Әйтеке би аудандық кәсіпкерлік бөлімі»  мемлекеттік мекемесі    кәсіпкерлік саласында мемлекеттік басқару және бақылау қызметтерін атқару жүктелген Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган болып табылады.

  1. «Әйтеке би аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекетті мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. «Әйтеке би аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  3. «Әйтеке би аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  4. «Әйтеке би аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  5. «Әйтеке би аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша «Әйтеке би аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  6. «Әйтеке би аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  7. «Әйтеке би аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңды мекен-жайы: 030100, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Комсомол селосы, Жүргенов көшесі, 62 үй.
  8. Мемлекеттік органның толық атауы- «Әйтеке би аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10.Осы Ереже «Әйтеке би аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  құрылтай құжаты болып табылады.

 

 

 

  1. «Әйтеке би аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және басқару жөніндегі уәкілетті органы Әйтеке би аудандық Әкімдігі болып табылады.
  2. «Әйтеке би аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  3. «Әйтеке би аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Әйтеке би аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 Егер «Әйтеке би аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 

2.Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,             функциялары, құқықтары мен міндеттері.

 

  1. «Әйтеке би аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

 ауданды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру,  кәсіпкерлікті дамыту және қолдау.

  1. Міндеттері:

1) аудандағы кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың  мемлекеттік саясатының іске асырылуын жүзеге асырады;

2) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасайды;

3) ауданда кәсіпкерлікті қолдау өнірлік бағдарламасын әзірлеп, бағдарламаның іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді;

4) ауданда шағын кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау  инфрақұрылымы объектілерімен өзара қарым-қатынас дамыту стратегиясын айқындайды;

5) сарапшылық кеңестің қызметін ұйымдастырады.

15.Функциялары:

1) ауданның аумағында кәсіпкерлік қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасайды;

2) кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласында аймақтық бағдарламаларды үйлестіру, әзірлеу және орындауды жүзеге асырады;

3)  мүдделі жергілікті мемлекеттік органдармен бірге шағын және орта бизнес субъектілерін әртүрлі мемлекеттік тапсырыстар мен бағдарламаларды орындауға тарту тәртібін анықтауға қатынасады;

4) ауданның кәсіпкерлікті дамыту қызметтеріне  талдау, болжау және мониторинг жүргізеді;

 

 

5) ауданның кәсіпкерлікті дамыту, индустриялды-инновациялық даму, сауда қызметтерін жалпы стратегия бойынша жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың қызметтерімен үйлестіруді жүзеге асырады;

6) ауданның кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасы,  индустриялды-инновациялық даму, сауда қызметтері бойынша заңнамалық және нормативтік актілер жобасына ұсыныстар дайындауға қатынасады;

7) кәсіпкерлікті қолдаудың аймақтық инфрақұрылымдарын қалыптастыруға және дамытуға ықпал етеді;

8) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің басымды жобаларын іріктеу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;

9) басымды бағыттағы жобаларды несиелендіру және қаржыландыру мәселесі бойынша банктермен және қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

10) кәсіпкерлікті қолдау, дамыту және қорғау жөніндегі қолданыстағы заңнамалардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

11) ақпаратпен қамтемелеуді жүзеге асырады;

12) кәсіпкерлік, сауда мәселелері бойынша семинарлар мен кеңестер, форумдар ұйымдастыруға және өткізуге қатынасады;

13) форумдарды, инвестициялық жобарлардың тұсаукесерлерін көрмелерді ұйымдастырады және қатынасады;

14) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты қалыптастыру  және іске асыру мәселесімен айналысады;

15) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1)  аудан Әкімдігіне ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі  бағыттары жөніндегі ұсыныстар енгізуге;

2)  өз құзіреті  шегінде  жергілікті атқарушы органдардан, шаруашылық субъектілерден  қажетті ақпаратты сұрауға және алуға;

3) кеңес беру және сараптамалар жүргізу  үшін жергілікті атқарушы органдардың  мамандарын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды тартуға;

4) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 636-бабына сәйкес осы Кодекстің 165-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасауға құқықтары бар.

 

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
  2. «Әйтеке би аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Әйтеке би аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

 

  1. «Әйтеке би аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19.«Әйтеке би аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

      -өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады;

      -бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін белгілейді;

      -Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      -заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлерін көтермелеу шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;

      -бөлім атынан іс-әрекет етеді және қолданып жүрген заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда бөлім атынан сөйлейді:

     -заңнамада белгіленген жағдайларда және шекте мүлікке иелік етеді;

     -шарттар жасап, сенімхаттар береді;

     -қолданып жүрген заңамаға сәйкес өзгеде өкілеттіліктерді жүзеге асырады;

«Әйтеке би аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкi

 

20.«Әйтеке би аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.

 «Әйтеке би аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Әйтеке би аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

21.1.«Әйтеке би аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы (бұдан әрі – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) Әйтеке би аудандық қаржы бөлімі  болып табылады.

22.Егер заңнамада өзгеше көзделмесе,  «Әйтеке би аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

 

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
  2. «Әйтеке би аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Дата публикации
23 ноября 2020