«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Әйтеке би аудандық мәслихаты, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына мүшелер сайланатындығы туралы хабарлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері 2025 жылғы 15 қазанынан 5 қарашаға дейін аудандық мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) округтік және учаскелік сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партия, өзге де қоғамдық бірлестік органы, олардың құрылымдық бөлімшелері отырысының хаттамасынан үзінді көшірме;
2) саяси партияны, өзге де қоғамдық бірлестікті, олардың құрылымдық бөлімшелерін әділет органдарында тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) аудандық мәслихатқа кандидаттың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші (өтініш нысанын мәслихаттан алуға болады).
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті комиссия орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 5 қарашасына дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.
Аудандық мәслихаттан құжаттарды қабылдау бойынша жауапты тұлға З.Касымкулова. Мәслихаттың орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Темірбек Жүргенов ауылы, Темірбек Жүргенов к-сі 62, 14 каб. Әйтеке би аудандық мәслихаты, байланыс телефондар: (8-713-39)-21715, 22233, факс: (8-713-39)-21715, e-mail: аytekebi_maslihat@mail.ru
|
Округтік сайлау комиссиясының нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
Бос орындар саны |
|
№ 3 округтік сайлау комиссиясы |
Әйтекеби ауданы Құмқұдық ауылы Байтаза Бисембаев көшесі № 1, «Ақтөбе облысының білім басқармасы Әйтеке би ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарашатау жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
1 |
|
№ 5 округтік сайлау комиссиясы |
Әйтекеби ауданы Темірбек Жүргенов ауылы Ардагер көшесі № 9Б, «Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Әйтеке би аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
1 |
|
№7 округтік сайлау комиссиясы |
Әйтекеби ауданы Темірбек Жүргенов ауылы Темірбек Жүргенов көшесі № 67, «Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Әйтеке би аудандық «Целинник» мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты. |
1 |
|
№ 9 округтік сайлау комиссиясы |
Әйтекеби ауданы Аралтөбе ауылы Былшық би көшесі № 28, «Ақтөбе облысының білім басқармасы Әйтеке би ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жақия Сәрсенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
1 |
|
Барлығы |
4 |
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясының нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
Бос орындар саны |
|
№ 132 учаскелік сайлау комиссиясы |
Әйтекеби ауданы Байжанкөл ауылы Абай Құнанбаев көшесі № 15А, «Ақтөбе облысының білім басқармасы Әйтеке би ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Байжанкөл бастауыш білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
1 |
|
№ 135 учаскелік сайлау комиссиясы |
Әйтекеби ауданы Тұмабұлақ ауылы Бейбітшілік көшесі № 9, «Ақтөбе облысының білім басқармасы Әйтеке би ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Басқұдық жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
1 |
|
№ 136 учаскелік сайлау комиссиясы |
Әйтекеби ауданы Сарыбұлақ ауылы Шаруашылық көшесі № 14, «Ақтөбе облысының білім басқармасы Әйтеке би ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мамыт негізгі орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
1 |
|
№ 137 учаскелік сайлау комиссиясы |
Әйтекеби ауданы Сарат ауылы Т.Жүргенов көшесі № 2, «Ақтөбе облысының білім басқармасы Әйтеке би ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сарат жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
1 |
|
№ 139 учаскелік сайлау комиссиясы |
Әйтекеби ауданы Темірбек Жүргенов ауылы Ардагер көшесі № 9Б, «Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Әйтеке би аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
5 |
|
№ 146 учаскелік сайлау комиссиясы |
Әйтекеби ауданы Қарабұтақ ауылы Б.Момышұлы көшесі № 43, «Ақтөбе облысының білім басқармасы Әйтеке би ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қ.Шаңғытбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
1 |
|
№ 151 учаскелік сайлау комиссиясы |
Әйтекеби ауданы Ақкөл ауылы Абай көшесі № 1, «Ақтөбе облысының білім басқармасы Әйтеке би ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
1 |
|
№ 153 учаскелік сайлау комиссиясы |
Әйтекеби ауданы Қияқты ауылы Әлия Молдағұлова көшесі № 12, «Ақтөбе облысының білім басқармасы Әйтеке би ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қыналы негізгі орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
1 |
|
№ 156 учаскелік сайлау комиссиясы |
Әйтекеби ауданы Талдық ауылы Нұ рман Әлдекешов көшесі № 1, «Ақтөбе облысының білім басқармасы Әйтеке би ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Талдық негізгі орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
1 |
|
№ 572 учаскелік сайлау комиссиясы |
Әйтекеби ауданы Темірбек Жүргенов ауылы Абылай хан көшесі № 26, «Энергосистема» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Әйтеке би электр желілері учаскесінің ғимараты. |
5 |
|
Барлығы |
18 |
|