Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Әйтеке би ауданы Жабасақ ауылдық округі әкімін сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЛАМА

 

Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

Әйтеке би ауданы Жабасақ ауылдық округі әкімін сайлау қорытындысы туралы

ХАБАРЛАМА

 

            2025 жылғы 5 қазанда Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының Жабасақ ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес  учаскелік сайлау комиссияларының Жабасақ ауылдық округі әкімі сайлауының нәтижесі туралы хаттамалары негізінде Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлаудың  қорытындысын шығарды:

 

Жабасақ сайлау округі

Жабасақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне - 551 азамат енгізілді, олардың 344 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 9, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 5.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:                                               

Жұмашев А.Т.– 52; Көмекбай Д.Б.– 273; Төретаева А.Р. – 5.

 

Дүйсенбі Бердібекұлы Көмекбай - 1992 жылы дүниеге

келген, жұмыссыз, Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Жабасақ ауылының тұрғыны, өзін-өзі тәртібімен ұсынылған, Жабасақ ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

 

                                        Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
06 октября 2025