Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Қ А У Л Ы С Ы
Әйтеке би ауданы Жабасақ ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Әйтеке би ауданы Жабасақ ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылғы 05 қазанға тағайындалсын.
- Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 28-шы тамыздан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2025 жылғы 9-ші қыркүйек сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Жабасақ ауылдық округі әкімінің кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2025 жылғы 14-ші қыркүйек сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Осы қаулы Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде жариялансын.
Әйтеке би аудандық
аумақтық сайлау комиссиясының
төрағасы С.М.Таласбаев
Әйтеке би аудандық
аумақтық сайлау комиссиясының
хатшысы С.Ә.Рампеилов
Темірбек Жүргенов ауылы,
2025 жылғы 27 тамыз,
№ 24