Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының Жамбыл, Тұмабұлақ және Үшқатты ауылдық округтерінің сайланған әкімдерін тіркеу туралы
хабарлама
14 шілде 2025 жыл
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабына сәйкес 2025 жылғы 13-шілдеде өткен Әйтеке би ауданының Жамбыл, Тұмабұлақ және Үшқатты ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындысы туралы Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасының негізінде
Жамбыл ауылдық округі бойынша:
Ғабит Зинатбекұлы Атымтаев, 1981 жылы дүниеге келген, «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, ауылдық округ әкімі, Жамбыл ауылының тұрғыны, «AMANAT» Партиясы» ұсынған, Жамбыл ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Тұмабұлақ ауылдық округі бойынша:
Мақсат Бақытбергенұлы Уайсбаев, 1989 жылы дүниеге келген, «Дөйт» жеке кәсіпкер басшысы, Әйтеке би ауданы Тұмабұлақ ауылының тұрғыны, «AMANAT» Партиясы» ұсынған, Тұмабұлақ ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Үшқатты ауылдық округі бойынша:
Гүлнара Байеділқызы Алдабергенова, 1974 жылы дүниеге келген, «Үшқатты ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, ауылдық округ әкімі, Үшқатты ауылының тұрғыны, «AMANAT» Партиясы» ұсынған, Үшқатты ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясы