Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Әйтеке би ауданы Жамбыл, Тұмабұлақ және Үшқатты ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЛАМА

 

Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

Әйтеке би ауданы Жамбыл, Тұмабұлақ және Үшқатты ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындысы туралы

ХАБАРЛАМА

 

            2025 жылғы  13 шілдеде Әйтеке би ауданының Жамбыл, Тұмабұлақ Үшқатты ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес  учаскелік сайлау комиссияларының Жамбыл, Тұмабұлақ және Үшқатты ауылдық округі әкімі сайлауының нәтижесі туралы хаттамалары негізінде Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлаудың  қорытындысын шығарды:

 

Жамбыл сайлау округі

Жамбыл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне - 313 азамат енгізілді, олардың 234 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 2, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 4.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

 Ғ.З. Атымтаев – 157; Н.Ә. Әміртаев – 32; А.О. Тәжібаев – 39;

Ғабит Зинатбекұлы Атымтаев - 1981 жылы дүниеге келген, «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, ауылдық округ әкімі, Әйтеке би ауданы Жамбыл ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынылған, Жамбыл ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Тұмабұлақ сайлау округі

Тұмабұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне - 392 азамат енгізілді, олардың 316 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 10, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 15.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

 Ж.Е. Аимова – 35; Е.Н. Көккөзов – 43; М.Б. Уайсбаев – 213;

Мақсат Бақытбергенұлы Уайсбаев - 1989 жылы дүниеге келген, «Дөйт» ЖК-сі, басшы, Әйтеке би ауданы Тұмабұлақ ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынылған, Тұмабұлақ ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Үшқатты сайлау округі

Үшқатты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне - 155 азамат енгізілді, олардың 133 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 0, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 6.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

 Г.Б. Алдабергенова – 97; А.С. Әжіғалиева – 12; Н.Н. Тлеужанов – 18;

Гүлнара Байеділқызы Алдабергенова - 1974 жылы дүниеге келген, «Үшқатты ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, ауылдық округ әкімі, Әйтеке би ауданы Үшқатты ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынылған, Үшқатты ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

                                        Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
14 июля 2025