Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-1 бабының 2 тармағына, 109-1 бабының 4 тармағына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 358 «2020-2022 жылдарға арналған Ақкөл ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6729 тіркелген, 2020 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
1 тармақта:
1) тармақшасында:
кірістер
«29898,0» сандары «30143,0» сандарымен ауыстырылсын;
трансферттер түсімі
«29238,0» сандары «29483,0» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшасында:
шығындар
«29898,0» сандары «30143,0» сандарымен ауыстырылсын.
- Көрсетілген шешімінің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
- Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі