Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Қ А У Л Ы С Ы Әйтеке би ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау жөнінде сайлау округтерін құру туралы

Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

Қ А У Л Ы С Ы

 

 

 

 

Әйтеке би ауданының

ауылдық округтері әкімдерін сайлау жөнінде

сайлау округтерін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Әйтеке би ауданы ауылдық округтері әкімдерін сайлау жөнінде мынадай сайлау округі құрылсын:

 

  • Жамбыл сайлау округі – Жамбыл ауылдық округі аумағының шекараларында;
  • Тұмабұлақ сайлау округі – Тұмабұлақ ауылдық округі аумағының шекараларында;
  • Үшқатты сайлау округі – Үшқатты ауылдық округі аумағының шекараларында;

 

  1. Сайлау округтерінің тізімі олардың шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде жариялансын.

  

 

         Әйтеке би аудандық

аумақтық сайлау комиссиясының

                  төрағасы                                                       С.М.Таласбаев

 

         Әйтеке би аудандық

аумақтық сайлау комиссиясының

                 хатшысы                                                      С.Ә.Рампеилов

 

 

 

 

 

     №19

04.06.2025 ж.

Дата публикации
04 июня 2025