1 . Жалпы ережелер
«Әйтеке би аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – қаржы бөлімі) саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Қаржы бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3 Қаржы бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Қаржы бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Қаржы бөлімі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Қаржы бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен қаржы бөлімінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Қаржы бөлімі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Заңды тұлғаның орналасқан жері:Индекс 030100, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Комсомол ауылы, Жүргенов көшесі, 45 үй.
Мемлекеттік органның толық атауы – «Әйтеке би аудандық қаржы бөлімі»мемлекеттік мекемесі.
Осы Ереже қаржы бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
Әйтеке би ауданы әкімдігі қаржы бөлімінің басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады.
12. Қаржы бөлімінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.