«Әйтеке би ауданының Сұлукөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі

Әйтеке би ауданының «Сұлукөл ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкімнің аппараты) Сұлукөл ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай- ақ осы Әкімнің аппараты туралы  ережеге  сәйкес жүзеге  асырады.

Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.

Әкімнің аппараты өз атынан азаматтық – құқықтық қатынастарға түседі.

Әкімнің аппараты заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

Ауылдық округ әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқада актілермен рәсімделген шешім мен өкімдер қабылдайды.

Ауылдық округ әкімінің аппараты туралы ережені, оның құрылымын аудан әкімдігі бекітеді.

Заңды тұлғаның мекенжайы: 030116, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сұлукөл ауылы, Б.Момышұлы көшесі, №8 үй.

Заңды тұлғаның толық атауы: Әйтеке би ауданының «Сұлукөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

Ауылдық округ әкімінің аппаратын аудан әкімдігі құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады.

Әкімнің аппараты жергілікті бюджет есебінен және жергілікті өзін-өзі басқару қорларының қаражаты есебінен сақталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

Әкімнің аппаратына әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

«Әйтеке би ауданының Сұлукөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
Дата публикации
03 ноября 2020