Аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 354 «2020 - 2022 жылдарға арналған Әйке ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-1 бабының 2 тармағына, 109-1 бабының 4 тармағына сәйкес, Аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 қаңтардағы №354 «2020 - 2022 жылдарға арналған Әйке ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6700 тіркелген, 2020 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізу ұсынылып отыр:
Көрсетілген шешімінің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 қаңтардағы №354 «2020 – 2022 жылдарға арналған Әйке ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы www.aitekebi.aktobe.gov.kz сайтында 2020 жылы 27 қазанда, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 09 қазанда 2020 жылы орналастырылды. Әйке ауылдық округі қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2020 жылы 06 қазандағы №5 хатымен алынды.
Әйтеке би ауданының «Әйке ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ