Аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 364 «2020 - 2022 жылдарға арналған Құмқұдық ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімінің жобасына БАСПА-РЕЛИЗІ

Аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 364 «2020 - 2022  жылдарға  арналған Құмқұдық ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы  шешімінің  жобасына БАСПА-РЕЛИЗІ

 Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-1 бабының 2 тармағына, 109-1 бабының 4 тармағына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 364  «2020-2022 жылдарға арналған Құмқұдық ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде  № 6723 тіркелген, 2020 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

           1 тармақта:

           1) тармақшасында:

           кірістер           

           «60 391,0» сандары «71 671,0» сандарымен ауыстырылсын;

           оның ішінде:

           трансферттер түсімі

           «58 573,0» сандары «69 853,0» сандарымен ауыстырылсын;

 2)  тармақшасында:

 шығындар

 «60 391,0» сандары «71 671,0» сандарымен  ауыстырылсын.

3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«3.2020 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) жалақының ең төмен мөлшері – 42 500 теңге;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес  жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын,  салықтар мен басқа да  төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш  - 2 651 теңге;

3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы - 31 183,0 теңге;

2020 жылғы 1 сәуірден бастап:

1) жалақының ең төмен мөлшері – 42 500 теңге;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес  жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын,  салықтар мен басқа да  төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш  - 2 778 теңге;

3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 32 668,0 теңге көлемінде белгіленгені ескерілсін және басшылыққа  алынсын.»;

3. Көрсетілген шешімінің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 364   «2020-2022 жылдарға арналған Құмқұдық ауылдық округ бюджетін бекіту туралы»  шешімінің жобасы www.aitekebi.aktobe.gov.kz  сайтында  2020 жылы     30 қазан,  e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 19 қазанда  2020 жылы орналастырылды. Құмқұдық ауылдық қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2020 жылы 16  қазанда  №5 хатымен алынды.

Аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 364 «2020 - 2022 жылдарға арналған Құмқұдық ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімінің жобасына БАСПА-РЕЛИЗІ
Дата публикации
03 ноября 2020