Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының Аралтоғай және Қайрақты ауылдық округтерінің сайланған әкімдерін тіркеу туралы
хабарлама
19 мамыр 2025 жыл
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабына сәйкес 2025 жылғы 18-мамырда өткен Әйтеке би ауданының Аралтоғай және Қайрақты ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындысы туралы Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасының негізінде
Аралтоғай ауылдық округі бойынша:
Серік Әбдуәлиұлы Дүйсенбаев, 1968 жылы дүниеге келген, «Аралтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, ауылдық округ әкімі, Аралтоғай ауылының тұрғыны, «AMANAT» Партиясы» ұсынған, Аралтоғай ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Қайрақты ауылдық округі бойынша:
Қайрат Лайықұлы Аманов, 1971 жылы дүниеге келген, «Талдық негізгі орта білім беру мектебі» КММ-сі, мектеп директоры, Әйтеке би ауданы Талдық ауылының тұрғыны, «AMANAT» Партиясы» ұсынған, Қайрақты ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясы