Әйтеке би ауданы Аралтоғай және Қайрақты ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабар – 24.04.2025
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясы
Аралтоғай ауылдық округі әкімдігіне келесідей кандидаттарды тіркеді:
- Серік Әбдуәлиұлы Дүйсенбаев, 1968 жылы дүниеге келген, ауылдық округ әкімі, «Аралтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, Аралтоғай ауылының тұрғыны, «AMANAT» Партиясы» ұсынған.
- Азамат Төлебайұлы Сәтбай, 1994 жылы дүниеге келген, сектор меңгерушісі, «Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ-сі, Темірбек Жүргенов ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Әлиасқар Қаниұлы Хамит, 2000 жылы дүниеге келген, директордың орынбасары міндетін атқарушы, «Әйтеке би аудандық ветеринариялық станциясы» МКК, Темірбек Жүргенов ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Қайрақты ауылдық округі әкімдігіне келесідей кандидаттарды тіркеді:
- Қайрат Лайықұлы Аманов, 1971 жылы дүниеге келген, мектеп директоры, «Талдық негізгі орта білім беру мектебі» КММ-сі, Талдық ауылының тұрғыны, «AMANAT» Партиясы» ұсынған.
- Бағдат Айтбайұлы Құлынтай, 1999 жылы дүниеге келген, сектор меңгерушісі, «Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ-сі, Темірбек Жүргенов ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Тағанияз Үмбетиярұлы Ниязбаев, 1980 жылы дүниеге келген, жетекші маманы, «Сұлукөл ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-сі, Сұлукөл ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.