Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Әйтеке би ауданы Сарат ауылдық округі әкімін сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЛАМА

 

 

Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

Әйтеке би ауданы Сарат ауылдық округі әкімін

 сайлау қорытындысы туралы

ХАБАРЛАМА

 

            2025 жылғы  13 сәуірде Әйтеке би ауданының Сарат ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес  учаскелік сайлау комиссиясының Сарат ауылдық округі әкімі сайлауының нәтижесі туралы хаттамасы негізінде Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлаудың  қорытындысын шығарды:

Сарат сайлау округі

Сарат ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне - 249 азамат енгізілді, олардың 159 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 8, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 12.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

 Ә.Ғ. Бақтияров – 12; Н.Е. Жетібаев – 17; Р.Н. Жеткергенов – 110;

 

Рахметолла Нахиұлы Жеткергенов - 1984 жылы дүниеге келген «Сарат ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Әйтеке би ауданы Сарат ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынылған, Сарат ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

 

                                        Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
14 апреля 2025