«Әйтеке би ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі  туралы ЕРЕЖЕ

«Әйтеке би ауданы Әкімінің аппараты»

 мемлекеттік мекемесі  туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Әйтеке би ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті атқарушы орган – Әйтеке би ауданы әкімдігінің және аудан әкімінің қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Әйтеке би ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. «Әйтеке би ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. «Әйтеке би ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. «Әйтеке би ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. «Әйтеке би ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен аудан әкімінің өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. «Әйтеке би ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 030100 (индекс) Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Комсомол ауылы, Жүргенов көшесі 62.
  9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Әйтеке би ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
  10. Осы Ереже «Әйтеке би ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  11. «Әйтеке би ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру ауданның жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
  12. «Әйтеке би ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және басқару жөніндегі уәкілетті органы «Ақтөбе облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
  13. «Әйтеке би ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің кәсіпкерлік субъектілерімен «Әйтеке би ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Әйтеке би ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

«Әйтеке би ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
27 октября 2020