ӘЙТЕКЕ БИ АУДАНДЫҚ
АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
Ақкөл ауылдық округі әкімін сайлау қорытындысы туралы
ХАБАРЫ
2025 жылғы 23 ақпанда Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының Ақкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссиясының Ақкөл ауылдық округі әкімі сайлауының нәтижелері туралы хаттама негізінде Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлаудың қорытындысын шығарды:
Ақкөл сайлау округі
Ақкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне - 280 азамат енгізілді, олардың 187 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 7, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 5.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны: Бозбетов Е.Р. – 31; Женсыкбаев Т.Қ. – 42; Жұмашов Н.Б. – 102;
Нұрлан Байғалиұлы Жұмашов - 1971 жылы дүниеге келген «Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің әкімі, Әйтеке би ауданы Ақкөл ауылының тұрғыны, өзін-өзі тәртібімен ұсынылған, Ақкөл ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясы