Әйтеке би аудандық эканомика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1.«Әйтеке би аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі экономика және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік басқару және бақылау қызметтерін атқару жүктелген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2.«Әйтеке би аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3.«Әйтеке би аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4.«Әйтеке би аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5.«Әйтеке би аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»мемлекетік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық -құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6.«Әйтеке би аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша «Әйтеке би аудандық эканомика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқада актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7.«Әйтеке би аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»мемлекеттік мекемесінің құрылымымен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8.«Әйтеке би аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңды мекен-жайы: 030100, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Комсамол селосы, Т.Жүргенов көшесі, 62 үй.
Мемлекеттік органның толық атауы-«Әйтеке би аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Осы Ереже «Әйтеке би аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
10.1. «Әйтеке би аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және басқару жөніндегі уәкілетті органы Әйтеке би аудандық Әкімдігі болып табылады.
«Әйтеке би аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
«Әйтеке би аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Әйтеке би аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Әйтеке би аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.