Әйтеке би ауданы Ақкөл ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабар – 30.01.2025
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясы Ақкөл ауылдық округі әкімдігіне келесідей кандидаттарды тіркеді:
- Ербол Рысқалиұлы Бозбетов, 1980 жылы дүниеге келген, директор, Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасы Әйтеке би ауданы филиалы, Темірбек Жүргенов ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Тимур Құдайбергенұлы Женсықбаев, 1987 жылы дүниеге келген, сектор меңгерушісі, «Әйтеке би ауданық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі, Темірбек Жүргенов ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Нұрлан Байғалиұлы Жұмашов, 1971 жылы дүниеге келген, әкім, «Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, Ақкөл ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.