Әйтеке би ауданы ауылдық округі әкімінің сайлауын 2025 жылғы 23 ақпанға тағайындау туралы қаулы

Әйтеке би аудандық аумақтық  сайлау комиссиясының

Қ А У Л Ы С Ы

 

 

 

Әйтеке би ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Әйтеке би ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылғы 23 ақпанға тағайындалсын.
  2. Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы            16-шы қаңтардан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2025 жылғы                      28-ші қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
  3. Ақкөл ауылдық округі әкімінің кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2025 жылғы 02-ші ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
  4. Осы қаулы Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде жариялансын.

 

 

        Әйтеке би аудандық

аумақтық сайлау комиссиясының

               төрағасы                                                       С.М.Таласбаев

 

 

       Әйтеке би аудандық

аумақтық сайлау комиссиясының

               хатшысы                                                      С.Ә.Рампеилов

Дата публикации
15 января 2025