Әйтеке би аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ережесі

«Әйтеке би аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

    Е Р Е Ж Е

  1. Жалпы Ережелер

 

1.«Әйтеке би аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекеме дене шынықтыру және спорт    жүйесін басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2.«Әйтеке би аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан республикасының Президенті және Үкіметтің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3.«Әйтеке би аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабалары белгіленген үлгіде бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады. 

4.«Әйтеке би аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5.«Әйтеке би аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған  уәкілеттік берген  болса, мемлекеттің атынан азаматтық –құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

  1. «Әйтеке би аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен « Әйтеке би аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен Қазақстан Респуликасының заңнамасында  көзделген шешімдер шығарады. 

7.«Әйтеке би аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекеме құрлымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілді.

8.Заңды тұлғаның орналсқан жері :

Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы,  Комсомол селосы, Т. Жүргенов көшесі, 62 үй, индекс 030100.

9.Мемлекеттік органның толық атауы:

 «Әйтеке би аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10.Осы Ереже «Әйтеке би  аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11.«Әйтеке би аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекеме қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

12.«Әйтеке би аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және басқару жөніндегі уәкілетті органы  Әйтеке би аудандық  Әкімдігі  болып табылады.

13.«Әйтеке би аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекеме кәсіпкерлік субъектілермен бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға тұруға тыйым салынады.

Егер «Әйтеке би аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекеме заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.

Әйтеке би аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ережесі
Дата публикации
20 октября 2020