«Әйтеке би аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Жалпы ережелер.
«Әйтеке би аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі білім беру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
«Әйтеке би аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік актілерге, сондай-ақ «Әйтеке би аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
«Әйтеке би аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
«Әйтеке би аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
«Әйтеке би аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
«Әйтеке би аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
«Әйтеке би аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Заңды тұлғаның орналасқан жері: 030100(индексі), Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Комсомол селосы, Т.Жүргенов көшесі, №52 үй.
Мемлекеттік органның атауы: «Әйтеке би аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
«Әйтеке би аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және мемлекеттік басқару жөніндегі уәкілетті органы болып осы мекемені құру туралы шешім қабылдаған Әйтеке би ауданының әкімдігі есептеледі. Осы Ереже Әйтеке би аудандық білім бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
«Әйтеке би аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
«Әйтеке би аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субьектілермен Әйтеке би аудандық білім бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шартты қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Әйтеке би аудандық білім бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.