Әйтеке би ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аудандық комиссия жұмысы ҚР занамаларына, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» және аудан әкімімен бекітілген жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Комиссия жұмыстарын үйлестіру, комиссия хатшысына жүктелген. Әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырыстарын ұйымдастыру және қаралған мәселелердің орындалуын қадағалау «Әйтеке би ауданы әкімінің аппараты» ММ бас маманына (заңгер) жүктелген. Алайда, бас маман (заңгер) А.Сариева 2021 жылы бала күтіміне байланысты еңбек демалысына шығуына байланысты (осы уақытқа дейін демалыста) тұрақты түрде бас маман (заңгер) болмаған. Сол себепті бас маман (заңгер) лауазымы уақытша аппараттың қызметкерлеріне жүктелген болатын. Қазіргі таңда ресми түрде бас маманның (заңгер) лауазымы бос тұр.
2023 жылы атқарылған жұмыстар
2023 жылы жоспарға сәйкес 4 комиссия отырыстары өткізілді (10.01.2023ж.,17.07.2023ж., 26.09.2023ж., 25.12.2023ж.) комиссия отырысында 8 мәселе қаралып, олар бойынша тиісті хаттамалық шешімдер қабылданып, мүдделі мемлекеттік органдарға 12 ұсыныс-тапсырма орындау үшін жолданды.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен 2 дөңгелек үстел және 3 семинар-кеңес өткізілді.
Сонымен қатар, аудандық «Жаңалық Жаршысы» газетінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыптарында 4 мақалалар жарияланды.
Аудандық «Целинник» мәдениет үйінде «Сыбайлас жемқорлықпен күресу – маңызды міндет» атты мәдениет қызметкерлері арасында 3 дөңгелек үстел өтті.
2023 жылдың ақпан айында Әйке ауылдық моделді кітапханасы «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» атты әңгіме сағатын өткізді.
2023 жылдың ақпан айында Жамбыл ауылдық кітапханасы «Жемқорлыққа жол жоқ» атты құқықтық сағат өткізілді.
Әлеуметтік желілерде осы тақырыпқа қатысты өткізілген шаралар мен сыбайлас жемқорлықты болдырмау туралы бейнероликтер, посттар шықты.
2024 жылы атқарылған жұмыстар
2024 жылдың 31 қаңтарда Әйтеке би ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның 2024 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес комиссия отырыстарын өткізуге жоспарланған болатын. Алайда, 2024 жылдың наурыз айында су басу салдарынан аудан аумағында төтенше жағдай орын алып, нәтижесінде жоспарланған комиссия отырыстары өткізілген жоқ.
2024 жылдың 21 қазан күні бекітілген жоспарға сәйкес 3 тоқсанға белгіленген мәселелер
бойынша кезекті комиссия отырысы өткізілді. Комиссия отырысында 3 сұрақ қаралып, қортындысы бойынша комиссия төрағасымен тиісті тапсырмалар берілді.