Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 529 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 22 қарашадағы № 247 «Әйтеке би ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы» қаулының жобасы www.aitekebi.aktobe.gov.kz сайтында 2020 жылы 02 қазандағы, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 2020 жылы 16 қыркүйектегі, орналастырылды. Әйтеке би аудандық қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2020 жылы 18 қыркүйектегі №82 хатымен алынды.