Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4тармағына және 71-1 бабының2тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, «MGM Minerals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігініңдиректоры Е.Т.Бекеновтың2024 жылғы 26 маусымдағыЗТ-202404498094 жазған өтініші негізінде, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «MGM Minerals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін, Әйтеке би ауданындаорналасқан 761ELлицензиясы бойынша жалпы алаңы 2020,0 гектар жер учаскелеріне жерпайдаланушылардан алып қоймай, 2026 жылдың 17 тамызына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әйтеке би ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әйтеке би ауданы әкімі Д.Тоғызбаев