«West Gold Mining Limited» жеке компаниясына пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына және 71-1 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, «West Gold Mining Limited» жеке компаниясының директоры Е.Т.Бекеновтың 2024 жылғы 11 маусымдағы ЖТ-2024-04351070 жазған өтініші негізінде, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «West Gold Mining Limited» жеке компаниясына пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін, Әйтеке би ауданы, «Қоскөл-1» учаскесінде орналасқан 4255-ТПИ шарты бойынша жалпы алаңы 1577,0 гектар жер учаскелеріне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2025 жылдың 22 қарашаға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
- "Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Әйтеке би ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әйтеке би ауданы әкімі Д.Тоғызбаев