Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

2024 жылғы 02 маусымдағы Әйтеке би ауданының Жабасақ және Құмқұдық ауылдық округі әкімдерін сайлау екі сайлау округі бойынша өтті.

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Әйтеке би ауданының Жабасақ және Құмқұдық ауылдық округі әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:

Жабасақ сайлау округі

Жабасақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне – 589 азамат енгізілді, олардың - 433 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 17, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 7.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

К.Х.Еспан – 32; А.Т.Жумашев – 50; Е.Т.Тулепов – 327.

Тулепов Ербол Турегалиевич, 1981 жылы дүниеге келген, «Аққұм жалпы негізгі білім беру мектебі» КММ-нің директоры, Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Жабасақ ауылдық округі Аққұм ауылының тұрғыны, Жабасақ ауылдық округінің әкімі болып сайланды, қазақ, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Құмқұдық сайлау округі

Құмқұдық ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне – 637 азамат енгізілді, олардың - 343 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 0, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 2.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

М.К.Орынбеков – 91; Т.К. Сарсенғалиев – 230; А.Т.Сәтбай – 20.

Сарсенғалиев Тілес Киікбайұлы, 1996 жылы дүниеге келген, «Құмқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Құмқұдық ауылының тұрғыны, Құмқұдық ауылдық округінің әкімі болып сайланды, қазақ, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2024 жылғы 02 маусымдағы шешімімен 2024 жылғы 02 маусымдағы сайланған Әйтеке би ауданының Жабасақ және Құмқұдық ауылдық округі әкімдерін тіркеді.

 

Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
03 июня 2024