Жабасақ, Құмқұдық ауылдық округтері әкіміне кандидаттардың ұсынылуы туралы хабар

Жабасақ, Құмқұдық ауылдық округтері әкіміне кандидаттардың ұсынылуы туралы хабар - 02.06.2024 ж

 

Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясына Жабасақ, Құмқұдық ауылдық округінің әкіміне тоғыз кандидаттан құжаттар келіп түсті. Жабасақ ауылдық округіне бес кандидаттан: Тимур Құдайбергенұлы Женсықбаев, Еркінғали Мирамбекұлы Сатимов, Ербол Төреғалиұлы Төлепов, Асхат Темірбекұлы Жұмашев, Кадыржан Хамзаұлы Еспаннан, Құмқұдық ауылдық округінің әкіміне төрт кандидаттан: Тілес Киікбайұлы Сарсенғалиев, Азамат Төлебайұлы Сәтбай, Қайрат Серикұлы Ниязов, Марат Қуанышбекұлы Орынбеков кандидаттардың барлығы өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынды.

Кандидаттардың сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкестігін анықтау жүргізілуде.

 

Дата публикации
03 мая 2024