Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Қ А У Л Ы С Ы

Әйтеке би ауданы Жабасақ және Құмқұдық ауылдық округтеріі әкімдерінің сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Әйтеке би ауданы Жабасақ және Құмқұдық ауылдық округтері әкімдерінің сайлау жөнінде мынадай сайлау округі құрылсын:

 

  • Жабасақ сайлау округі – Жабасақ ауылдық округі аумағының шекараларында;
  • Құмқұдық сайлау округі – Құмқұдық ауылдық окургі аумағының шекараларында;

 

  1. Сайлау округі олардың шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде жариялансын.

  

 

         Әйтеке би аудандық

аумақтық сайлау комиссиясының

                  төрағасы                                                       С.М.Таласбаев

 

         Әйтеке би аудандық

аумақтық сайлау комиссиясының

                 хатшысы                                                      С.Ә.Рампеилов

 

 

 

 

 

 

Темірбек Жүргенов ауылы,

2024 жылғы 24 сәуір,

№ 04

Дата публикации
24 апреля 2024