Әйтеке би аудандық аумақтық  сайлау комиссиясының Қ А У Л Ы С Ы

Әйтеке би ауданы Жабасақ және Құмқұдық ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Әйтеке би ауданы Жабасақ және Құмқұдық ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2024 жылғы 02 маусымға тағайындалсын.
  2. Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы            25-ші сәуірден басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2024 жылғы                      07-ші мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
  3. Жабасақ және Құмқұдық ауылдық округтері әкімдерінің кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2024 жылғы 12-ші мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
  4. Осы қаулы Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде жариялансын.

 

 

        Әйтеке би аудандық

аумақтық сайлау комиссиясының

               төрағасы                                                       С.М.Таласбаев

 

 

       Әйтеке би аудандық

аумақтық сайлау комиссиясының

               хатшысы                                                      С.Ә.Рампеилов

 

 

 

 

 

 

Темірбек Жүргенов ауылы,

2024 жылғы 23 сәуір,

№ 03

Дата публикации
24 апреля 2024