Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1) кірістер – 117121 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 5835 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 111286 мың теңге;
2) шығындар – 117121 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.
салықтық түсімдер бойынша:
табыс салығы, оның ішінде жеке табыс салығы;
меншікке салынатын салықтар, оның ішінде:
мүлікке салынатын салықтар;
жер салығы;
бірыңғай жер салығы;
көлік құралдарына салынатын салықтар;
тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге салынатын ішкі салықтар, оның ішінде табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер;
салықтық емес түсімдер бойынша:
аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салатын айыппұлдар;
жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;
мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер, оның ішінде аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің) мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер, оның ішінде:
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін түсімдер;
жерді сату;
материалдық емес активтерді сату.
1) жалақының ең төмен мөлшері – 85000 теңге;
2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 3692 теңге;
3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 43407 теңге.
Ағымдағы нысаналы трансферттің сомасын бөлу Аралтоғай ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде айқындалады.
|
Әйтеке би аудандық мәслихаттың төрағасы: |
|
Б.Д.Сейлханов |