Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-1 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2024-2026 жылдарға арналған Сарат ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 58 495 мың теңге;
оның ішінде:
салықтық түсімдер 565 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
трансферттер түсімі 57 930 мың теңге;
2) шығындар 58 490 мың теңге.
3) таза бюджеттік кредиттеу 0 теңге;
оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 0 теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 0 теңге;
оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицит) 0 теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 0 мың теңге, оның ішінде
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу - 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 теңге.
Ауылдық округ бюджетінің кірісіне мыналар есептелетін болып ескерілсін:
мүлікке салынатын салықтар;
жер салығы;
көлік құралдарына салынатын салық;
жер учаскілерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер.
Мәліметке және басшылыққа алып, «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9 бабына сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап белгіленді.
1) жалақының ең төменгі мөлшері – 85 000 теңге;
2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 692 теңге;
3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 43 407 теңге.
2024 жылға арналған Сарат ауылдық округінің бюджетіне аудандық бюджеттен берілген 21 910 мың теңге соммасында субвенция көлемі ескерілсін.
2024 жылға арналған Сарат ауылдық округінің бюджетіне аудандық бюджеттен 36 020 мың теңге соммасында ағымдағы нысаналы трасферттер түсімі ескерілсін.
Ағымдағы нысаналы трансфеттердің соммаларын бөлу Сарат ауылдық округі әкімінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Әйтеке би аудандық
маслихатының төрағасы: Б.Д Сейлханов