2024-2026  жылдарға арналған Үшқатты ауылдық округ бюджетін бекіту туралы

Қазақстан  Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған Үшқатты ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 35024,0 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 1553,0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 33471,0 мың теңге;

2) шығындар – 35024,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо –              0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –             0 теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімдері – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. Ауылдық округ бюджетінің кірісіне мыналар есептелетін болып ескерілсін:

салықтық түсімдер бойынша:

табыс салығы, оның ішінде жеке табыс салығы;

меншікке салынатын салықтар, оның ішінде:

мүлікке салынатын салықтар;

жер салығы;

бірыңғай жер салығы;

көлік құралдарына салынатын салықтар;

тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге салынатын ішкі салықтар, оның ішінде табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер;

салықтық емес түсімдер бойынша:

аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салатын айыппұлдар;

жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;

мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер, оның ішінде аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің) мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер, оның ішінде:

аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін түсімдер;

жерді сату;

материалдық емес активтерді сату.

  1. Қазақстан Республикасының «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9 бабына сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап белгіленгені ескерілсін және басшылыққа алынсын:

1)  жалақының ең төмен мөлшері – 85000 теңге;

2) жәрдемақыларды  және  өзге  де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік  көрсеткіш – 3692 теңге;

3)  базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 43407 теңге.

  1. 2024 жылға арналған Үшқатты ауылдық округ бюджетіне аудандық бюджеттен берілген 21002,0 мың теңге сомасында субвенция көлемі ескерілсін.
  2. 2024 жылға арналған Үшқатты ауылдық округ бюджетіне аудандық бюджеттен 12469,0 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферт түсімі ескерілсін.

Ағымдағы нысаналы трансферттің сомасын бөлу Үшқатты ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде айқындалады.

  1. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

Дата публикации
11 января 2024