2024 – 2026 жылдарға арналған Ақкөл ауылдық округ бюджетін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 9-1 бабының және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. 2024 – 2026 жылдарға арналған Ақкөл ауылдық округ  бюджеті тиісінше  1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер                                                                           29 649 мың  теңге;

салықтық түсімдер                                                               3 672 мың теңге;

салықтық емес түсімдер                                                           0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер                              0 мың теңге;

трансферттер түсімі                                                           25 977 мың теңге;

2) шығындар                                                                       29 649 мың теңге.

3) таза бюджеттік кредиттеу                                                         0 мың теңге;

бюджеттік кредиттер                                                                     0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу                                                          0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу                                                         0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профицит)                                              0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                                    0 мың теңге.

  1. Ауылдық округ бюджетінің кірісіне мыналар есептелетін болып ескерілсін:

мүлікке салынатын салықтар;

жер салығы;

көлік құралдарына салынатын салық;

мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер.

  1. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

1) жалақының ең төменгі мөлшері – 85 000 теңге;

2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 692 теңге;

3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 43 407 теңге.

  1. 2024 жылға  арналған Ақкөл ауылдық округінің бюджетіне  аудандық бюджеттен берілген 3 964 мың теңге соммасында субвенция көлемі  ескерілсін.

  2. 2024 жылға арналған Ақкөл ауылдық округінің бюджетіне аудандық бюджеттен 25 977 мың теңге соммасында ағымдағы нысаналы трансферттер түсімі ескерілсін. Ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу Ақкөл ауылдық округі әкімінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.

  3. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

            Лауазымы

 

 Аты-жөні

Дата публикации
10 января 2024