Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 6- бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- 2024-2026 жылдарға арналған Әйке ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 153 621 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 2 776 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 0 теңге;
трансферттер түсімі – 150 845 мың теңге;
2) шығындар – 153 621 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицит) - 0 теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 0 теңге.
- Ауылдық округ бюджетінің кірісіне мыналар есептелетін болып ескерілсін: мүлікке салынатын салықтар; жер салығы; көлік құралдарына салынатын салық; жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы; мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер.
- Мәліметке және басшылыққа алып, «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9 - бабына сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтарынан бастап белгіленді:
1) жалақының ең төмен мөлшерi – 85 000 теңге;
2) айлық есептiк көрсеткiш – 3 692 теңге;
3) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 43 407 теңге.
- 2024 жылға арналған Әйке ауылдық округінің бюджетіне аудандық бюджеттен берілген 153 845 мың теңге соммасында субвенция көлемі ескерілсін.
- 2024 жылға арналған Әйке ауылдық округінің бюджетіне аудандық бюджеттен 0 теңге соммасында ағымдағы нысаналы трансферттер түсімі ескерілсін. Ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу Әйке ауылдық округі әкімінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.
- Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.