Әйтеке би аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 10 қаңтардағы № 309 «2023-2025 жылдарға арналған Қызылжұлдыз ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2023-2025 жылдарға арналған Қызылжұлдыз ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2023 жылға келесідей көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 148 576,4 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 4 800 мың теңге;
трансферттер түсімі – 143 776.4 мың теңге;
2) шығындар – 149 518,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 942,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
942,5 мың теңге, оның ішінде:
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 942,5 мың теңге»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |