2023 жылдың І- ІІ - ІІІ тоқсанындағы өткен кездесулер барысында аудан тұрғындарынан түскен сұрақтарды іске асыру жөніндегі жоспарының орындалуы

2023 жылдың І- ІІ - ІІІ тоқсанындағы өткен кездесулер барысында аудан тұрғындарынан түскен

сұрақтарды іске асыру жөніндегі жоспарының орындалуы

 

2023 жылғы 15 қыркүйектегі  жағдай бойынша

№

Айтылған ескертулер және ұсыныстар

Орындалу жағдайы

(шешу жолдары)

Орындалу сатысы (орындалды / орындалуда)

Әйтеке би ауданы

І тоқсан

 

1.     

Аққұм елді мекені жолдарын қардан тазалау

        

 Мердігер мекеме – «Гроза»  ЖШС

Аққұм елді мекенінің қысқы кезеңінде көшелерді қардан тазарту жұмыстары "Гроза" ЖШС-нің  қайырымдылық қызметі есебінен жүргізілді.

Орындалды

2.     

Жамбыл ауылы көшелерін жарықтандыру               

 

Мердігер мекеме – ЖК  «Мурзагулов Б.»

Қаржыландыру –аудандық бюджет есебінен 4,8 млн. теңге бөлінді.

Жамбыл ауылының көшелерін жарықтандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында ұзындығы 3 км жеті көшеде жаңа электр беру желілері жүргізіліп, 60 шам орнатылып, іске қосылды.

Орындалды

3.     

Белқопа ауылындағы қиын жағдайда тұрған және жаңартуға келмейтін бұрыңғы білім ордасының орнын тазартып беру.                         

Қазіргі уақытта Белқопа ауылындағы бұрынғы мектеп ғимаратының орнын бұзу және тазалау жұмыстарын жүргізу бойынша тиісті құжаттар әзірленуде. Барлық бұзу және тазалау жұмыстары қажетті құжаттама бекітілгеннен кейін жүргізіледі.

Орындалуда

4.     

Қарабұтақ ауылының Бопай Ханша көшесін жарықтандыру

                   

Мердігер: - "АҢСАР" ЖК.

Қаржыландыру: аудандық бюджет есебінен-  2,7 млн теңге бөлінііп, 6 шам орнатылды.

Қарабұтақ ауылының Бопай Ханша көшесін жарықтандыру толықтай аяқталып, қазіргі таңда толықтай пайдалануға берілді.

Орындалды

ІІ тоқсан

5.     

Талдысай ауылының бөгет құрылысы туралы

Тапсырыс беруші: «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды терреу басқармасы» ММ

Басшысы: Сабит Кадрович Дүйсекенов

Мердігер: ӨК «СК ГРАНД КАНАЛ»

Құрылыс уақыты: мамыр – қазан 2023 жыл

Орындалуда

6.     

Т.Жүргенов ауылындағы Кеңесары хан, Алмат Самұратұлы көшелерін асфальттау жұмыстарын жүргізу

Тапсырыс беруші: «Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашлығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі»

Т.Жүргенов ауылындағы  Кеңесары хан, Самұрат Алматұлы көшелері орташа жөндеу жұмыстары жоба құны- 39,6 млн теңге жоба бойынша  2022 жылы 1 қарашада аяқталу керек болды. Алайда, қыстың ерте түсуіне байланысты және де мердігер «Damu construction NS» ЖШС-і қиыншылықтарына байланысты, жөндеу жұмыстары 2023 жылдың 20 қыркүйегіне дейін қалдырылды.

Орындалуда

7.     

Жабасақ ауылдық мәдениет үйіне музыкалық аппарат сатып алуға көмек беру                     

Тапсырыс беруші: «Аудандық мәдениет үйі» ММ. Қазіргі таңда Жабасақ ауылдық мәдениет үйіне музыкалық аппарат алып беру қаражат көзі қарастырылып, аудандық мәслихат сессиясына ұсыныс дайындалуда

Орындалуда

8.     

Аралтоғай ауылын мал азығымен толық  қамтамасыз ету

Аралтоғай ауылдық округі бойынша мал азығын дайындау мақсатында 13 шаруа қожалық шөп шабу жұмыстарын жүргізіп, жоспарланған 150 тонна шөп шабылып, қыстақтар мен ауыл тұрғындарына тасылып, жеткізілді.

Орындалды

ІІІ тоқсан

9.     

Әйке ауылындағы спорт кешенінің  құрылыс жұмыстарын аяқтау

Тапсырыс беруші: «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ,

Қаржыландыру: бөлінген қаражат көлемі – 216,6 млн теңге

Мердігер: «В-Grass» ЖШС

Қазіргі таңда спорт кешенінің сыртқы жарықтандыру, воркаут және футбол алаңы жұмыстары жүргізілуде.

Жұмыстары аяқталу мерзімі: қазан айы.2023 жыл.

Орындалуда

10.  

Аралтөбе ауылы, Былшық би көшесін асфальттау жұмыстарын жүргізу

Тапсырыс беруші: «Қызылжұлдыз ауылдық округі әкімі аппараты» ММ.

Мердігер: «АдалҚұрлысАқтөбе» ЖШС

Қаржыландыру: -облыстық бюджет есебінен 96,9 млн. теңге;

Былшық би көшесінің ұзындығы 1,2 шақырымдағы асфальттау жұмыстары басталып, жүргізілуде.

Жұмыстары аяқталу мерзімі: қазан айы.2023 жыл

Орындалуда

11.  

Талдысай ауылы, М.Сарбасов көшесіндегі асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу

Тапсырыс беруші: «Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі»ММ

Мердігер: «Наби Альянс»ЖШС

Талдысай ауылының М.Сарбасов көшесіндегі асфальт төсеу жұмыстары 2021 жылы басталды, 2022 жылы жұмыстары жүргізілмеді. Асфальттауға жататын қалдық 350 метр. Қалдық қаражат көлемі 8,0 млн. теңге.

Жұмыстары аяқталу мерзімі: ағымдағы жылдың қараша айына дейін аяқтау жоспарлануда.

Орындалуда

Дата публикации
12 сентября 2023