Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
2023 жылғы 30 шілдеде Әйтеке би ауданының Ақтасты, Әйке, Қызылжұлдыз және Сұлукөл ауылдық округі әкімдерін сайлау төрт сайлау округі бойынша өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Әйтеке би ауданының Ақтасты, Әйке, Қызылжұлдыз және Сұлукөл ауылдық округі әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:
Ақтасты сайлау округі
Ақтасты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне – 370 азамат енгізілді, олардың - 252 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 2, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 6.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
А.Б.Әкімбай – 27; Б.Н.Көптлеу – 30; Д.Қ.Қазбай – 187.
Қазбай Дәулет Қуандықұлы, 1992 жылы дүниеге келген, «Әйке ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, бас маман, Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы,Әйке ауылдық округі, Әйке ауылының тұрғыны, Ақтасты ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.
Әйке сайлау округі
Әйке ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне – 1 012 азамат енгізілді, олардың - 657 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 6, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 12.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
А.Қ.Бекбенбетов – 45; М.Ж.Ерғазиев – 523; Р.Н.Жеткергенов – 71.
Ергазиев Манас Жоламанулы, 1990 жылы дүниеге келген, «Әйке ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, жетекші маман, Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Әйке ауылдық округі, Әйке ауылының тұрғыны, Әйке ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.
Қызылжұлдыз сайлау округі
Қызылжұлдыз ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне – 413 азамат енгізілді, олардың - 297 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 1, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 2.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
О.З.Әбдіғалиев – 232; А.Ә.Мекетаев – 43; Е.М.Сатимов – 19.
Абдигалиев Омар Зиноллаевич, 1965 жылы дүниеге келген, «Қызылжұлдыз ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, бас маман, Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Қызылжұлдыз ауылдық округі, Аралтөбе ауылының тұрғыны, Қызылжұлдыз ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.
Сұлукөл сайлау округі
Сұлукөл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне – 267 азамат енгізілді, олардың - 184 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 2, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 1.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Е.Н.Көккөзов – 37; Т.К.Сарсенғалиев – 18; С.Қ.Тампишев – 126.
Тампишев Серикгали Картбаевич, 1977 жылы дүниеге келген, директор, «Әйтеке би аудандық «Целинник» мәдениет үйі» МКҚК-сі, Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Темірбек Жүргенов ауылдық округі, Темірбек Жүргенов ауылының тұрғыны, Сұлукөл ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.
Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 31 шілдедегі шешімімен 2023 жылғы 30 шілдеде сайланған Әйтеке би ауданының Ақтасты, Әйке, Қызылжұлдыз және Сұлукөл ауылдық округі әкімдерін тіркеді.
Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясы