Әйтеке би ауданы Ақтасты, Әйке, Қызылжұлдыз және Сұлукөл ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауына
кандидаттардың ұсынылуы туралы қорытынды хабар - 05.07.2023
Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясына Ақтасты, Әйке, Қызылжұлдыз және Сұлукөл ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауына сегіз кандидаттан құжаттар келіп түсті.
- Ақтасты ауылдық округі әкіміне Азамат Болатбайұлы Әкімбай, Көптлеу Бауыржан Нұржанұлы өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған және Қазбай Дәулет Қуандықұлын «AMANAT» Партиясы» ұсынған.
- Әйке ауылдық округі әкіміне Жеткергенов Рахметтолла Нахиұлы, Бекбенбетов Айбол Қуанышұлы өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған және Ергазиев Манас Жоламанұлын «AMANAT» Партиясы» ұсынған.
- Қызылжұлдыз ауылдық округі әкіміне Абдигалиев Омар Зиноллаевич, Мекетаев Аманбек Алимбекұлы және Еркінғали Мирамбекұлы Сатимов өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Сұлукөл ауылдық округі әкіміне Куккузов Елибек Нурлыбекұлы, Тілес Киікбайұлы Сарсенғалиев өзін-өзі ұсыну тәртібімен және Серикғали Қартбайұлы Тампишев «AMANAT» Партиясы» ұсынған.
Кандидаттардың Қазақстан Республикасының Сайлау туралы заңының талаптарына, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкестігін анықтау жургізілуде.