Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясының
Қ А У Л Ы С Ы
Әйтеке би ауданы Ақтасты, Әйке, Қызылжұлдыз және Сұлукөл ауылдық округі әкімдерінің сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Әйтеке би ауданы Ақтасты, Әйке, Қызылжұлдыз және Сұлукөл ауылдық округі әкімдерінің сайлау жөнінде мынадай сайлау округі құрылсын:
- Ақтасты сайлау округі – Ақтасты ауылдық округі аумағының шекараларында;
- Әйке сайлау округі – Әйке ауылдық окургі аумағының шекараларында;
- Қызылжұлдыз сайлау округі – Қызылжұлдыз ауылдық округі аумағының шекараларында;
- Сұлукөл сайлау округі – Сұлукөл ауылдық округі аумағының шекараларында;
- Сайлау округі олардың шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде жариялансын.
Әйтеке би аудандық
сайлау комиссиясының
төрағасы С.М.Таласбаев
Әйтеке би аудандық
сайлау комиссиясының
хатшысы С.Ә.Рампеилов
Темірбек Жүргенов ауылы,
2023 жылғы 21 маусым,
№ 18