Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясының
Қ А У Л Ы С Ы
Әйтеке би ауданы Ақтасты, Әйке, Қызылжұлдыз және Сұлукөл ауылдық округі әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Әйтеке би ауданы Ақтасты, Әйке, Қызылжұлдыз және Сұлукөл ауылдық округі әкімдерінің сайлауы 2023 жылғы 30 шілдеге тағайындалсын.
- Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2023 жылғы 22-ші маусымнан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2023 жылғы 04-ші шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Ақтасты, Әйке, Қызылжұлдыз және Сұлукөл ауылдық округі әкімдерінің кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2023 жылғы 09-шы маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Осы қаулы Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде жариялансын.
Әйтеке би аудандық
сайлау комиссиясының
төрағасы С.М.Таласбаев
Әйтеке би аудандық
сайлау комиссиясының
хатшысы С.Ә.Рампеилов
Темірбек Жүргенов ауылы,
2023 жылғы 21 маусым,
№ 17