Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

 

2023 жылғы 14 мамырында Әйтеке би ауданының Темірбек Жүргенов ауылдық округінің әкімін сайлау бір сайлау округі бойынша өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Әйтеке би ауданының Темірбек Жүргенов ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:

 

Темірбек Жүргенов сайлау округі

Темірбек Жүргенов ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне – 5 397 азамат енгізілді, олардың - 3 467 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 25, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 19.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

С.Қ.Әбілов – 2 536; А.Р.Рақымбеков – 345; Т.З.Шуиншин. – 542.

Саламат Қанибайұлы Әбілов, 1992 жылы дүниеге келген, «Әйтеке би ауданы әкімінің аппараты» ММ-сі, бөлімше басшысы, Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Темірбек Жүргенов ауылдық округі, Темірбек Жүргенов ауылының тұрғыны, Темірбек Жүргенов ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.

Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 15 мамырындағы шешімімен 2023 жылғы 14 мамырда сайланған Әйтеке би ауданының Темірбек Жүргенов ауылдық округінің әкімін тіркеді.

 

 

Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
15 мая 2023