«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясы Темірбек Жүргенов ауылдық округі әкімдігіне келесідей кандидаттарды тіркеді:
- Темирбек Зинеевич Шуиншин, 1974 жылы дүниеге келген, «Темірбек Жүргенов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, ауылдық округі әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Темірбек Жүргенов ауылдық округі, Темірбек Жүргенов ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
- Саламат Канибайулы Абилов, 1992 жылы дүниеге келген, «Әйтеке би ауданы әкімінің аппараты» ММ-сі, бөлімше басшысы, Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Темірбек Жүргенов ауылдық округі, Темірбек Жүргенов ауылының тұрғыны, «AMANAT» Партиясы» ұсынған.
- Ақансері Рақымбекұлы Рақымбеков, 1994 жылы дүниеге келген, «Әйтеке би ауданы әкімінің аппараты» ММ-сі, бас инспектор, Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Темірбек Жүргенов ауылдық округі, Темірбек Жүргенов ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.