Әйтеке би аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 10 қаңтардағы №306 «2023 – 2025 жылдарға арналған Жамбыл  ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1.Әйтеке би аудандық мәслихаттың «2023-2025 жылдарға арналған Жамбыл ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2023 жылғы 10 қаңтардағы № 306 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

  «1. 2023-2025 жылдарға арналған Жамбыл ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2023 жылға келесідей көлемде бекітілсін:

  1) кірістер – 46 484  мың теңге, оның ішінде:

  салықтық түсімдер – 2 235 мың теңге;

  трансферттер түсімі – 44 249 мың теңге;

  2) шығындар – 46 484 мың теңге;

  3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

  4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

  5) бюджет тапшылығы (профициті) – -73,0 мың теңге;

  6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
73,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 73,0 мың теңге»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

 

 

Лауазымы

 

 

Аты-жөні

Дата публикации
19 апреля 2023